«Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің «№205 орта мектебі» КММ
Оқушы саны: 383
Мектеп директоры
Мен, Қайбұлда Сәкен Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Бестам ауылында 1966 жылы 28 наурызда дүниеге келдім. 1973 жылы №205 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1983 жылы 10 жылдық мектепті бітірдім.1983 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда Педагогикалық Институтына оқуға түсіп,1984-1986 жылдары аралығында әскери борышымды өтеп қайттым, 1986 жылы биология-химия пәні мұғалімі мамандығын бойынша бітіріп шықтым. 1990 жылы №205 орта мектебіне биолгия-химия пәні мұғалімі орналастым. Үйленгенмін.Жұбайым Жұпарымбет Алмагүл-мұғалім.1 қыз,3 ұл тәрбиелеп отырмыз. 2011 жылдан бастап мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келдім.2023 жылдың 1 маусымынан мектеп директоры болып тағайындалдым


